Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019.09.07. № 265 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 139 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 10 Қаулысымен күші жойылды
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.09.07. берілген өзгерістермен)
1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қызмет беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2) «Электрондық үкімет www.egov.kz веб-порталы» немесе «Е-лицензиялау www.elicense.kz веб-порталы» (бұдан әрі- Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекіту туралы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 мамырдағы № 11133 тіркелген) бекітілген 10-тармағында қаралған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық түрде беріледі.