«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы

Предыдущая страница

«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын

бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен

Қазақстан Республикасының аумағында оларға

сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану»

мемлекеттік қызмет көрсетуге

қойылатын негізгі талаптар тізбесіне

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Кімге __________________________

(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

__________________________

(бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Кімнен __________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты,

әкесінің аты (болған жағдайда)/

заңды тұлғаның атауы)

 

 

Өтінім

 

Сізден_________________(толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді сұраймын.

Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

_____________________________________________________________________

Телефон, факс, электрондық пошта

_____________________________________________________________________

Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1.____________________________________________________________________

2.____________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________

Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

Толтырылған күні 20__ жылғы «___» ____________

 

«Көліктік қаптама комплектілерінің

конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің

уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында

оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану»

мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын

негізгі талаптар тізбесіне

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Кімге ______________________

(Көрсетілетін қызметті

берушінің атауы)

__________________________

(бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Кімнен _____________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

аты (болған жағдайда)/ заңды

тұлғаны атауы)

 

 

Өтінім

 

 Сізден 20__ жылғы «___» ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы) көліктік қаптама

комплектілерінің конструкциясын ______________________________________________________________

 (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)

Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.

Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

_____________________________________________________________________

Телефон, факс, электрондық пошта

_____________________________________________________________________

Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1.____________________________________________________________________

2.____________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________

Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

Толтырылған күні 20__ жылғы «___» ____________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

өзгерістер енгізілетін кейбір

бұйрықтарының тізбесіне

5-қосымша

 

Көліктік қаптама

комплектілерінің

конструкцияларын бекіту

қағидаларына

6-қосымша

 

Нысан

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің өзгерістер

енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

6-қосымша

 

«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің

тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты

 жұмыстарды орындауға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына

5-қосымша

 

 

«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру»

мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

 

 

«Атом энергиясын пайдалану

объектілерінің тіршілік циклінің

кезеңдеріне байланысты

жұмыстарды орындауға

лицензия беру» мемлекеттік

қызмет көрсетуге қойылатын

негізгі талаптар тізбесіне

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның

 өтiнiші

 

_____________________________________________________________________

 (лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________________

 (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

 жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

 бизнес- сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы

 көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта

_____________________________________________________________________

 (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

беруiңiздi сұраймын.

 Заңды тұлғаның мекенжайы

_____________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

 Электрондық пошта

_____________________________________________________________________

 Телефондары

_____________________________________________________________________

 Факс

_____________________________________________________________________

 Банк шоты

_____________________________________________________________________

 (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

 Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы

_____________________________________________________________________

 (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

 үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

_____ парақта қоса беріледі.

 

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

 

 Басшы

 _____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының электрондық

 цифрлық қолтаңбасы

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

 

«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік

циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру»

мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне

2-қосымша

 

 

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

 

 

1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

1-кесте

 

Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.

 

* ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.

2-тарау. Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың, техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 

 

2-кесте

 

 

Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі.

 

 

3-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 

 

3-кесте

 

Рұқсат етілген:

1) жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде іргетастарды салу;

2) объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салу (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер және жол өткізгіштері, басқа да құрылыстар), оның ішінде:

металл конструкцияларды монтаждау;

монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыру;

шатыр жабу жұмыстары;

3) байланыспен, аварияға қарсы қорғанумен, бақылау және сигнал беру жүйесімен, көліктегі, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектілеріндегі, өзге де тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі бұғаттаумен, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстарымен құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі*.

* ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.

 

 

4-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 

 

4-кесте

 

Иондаушы сәуле шығару көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойма туралы ақпарат қамтылған мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі*.

* бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.

 

 

5-тарау. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны