«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 509 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:
13-1 және 13-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын және жиілігін дербес анықтайды.
13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.
Формативті бағалаудың нәтижелерін ұсыну білім алушылар орындаған жұмыстарда және/немесе педагогтің комментарийлері арқылы электрондық журналдарда жүзеге асырылады.»;
14-3, 14-4, 14-5 және 14-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-3. БЖБ және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға (бұдан әрі - ТЖБ) қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді.