«Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 68 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 207 бірлескен бұйрығы

Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 68 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 207 бірлескен бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) ветеринариялық сертификаттары болған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырсын.

4. Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті МКК-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

5. Министрліктің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.