«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына 3-қосымша) (2019.16.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.16.04. № 65 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

3-қосымша

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды

 

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.16.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: микроқаржылық ұйымына оны микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу туралы хабарлама не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.