Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығы
(2026.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.27.09. № 112 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 149 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап күшіне енеді)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.24.05. № 170 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.27.09. № 112 бұйрығымен (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.04. № 149 бұйрығымен (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.27.09. № 112 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.