«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 239-НҚ бұйрығы

 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 239-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

«Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 6-тарауда:

1-тармақта:

«Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері)» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері), жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)

Лауазымдардың атауы

Штаттық бірліктердің саны

Директор

1

Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

1

Қойма (шаруашылық) меңгерушісі

1

Бөлім меңгерушілері (бір бейіндегі 10 үйірме болған жағдайда - бір штат бірлігі)

Бухгалтер

1

Хатшы (іс қағаздарын жүргізуші)

1

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

Күзетші

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

Ескертпелер:

1. Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері) (бұдан әрі - Ұйымдар) жалақы қорын бағдарламалар әкімшілері бекітілген бюджет қаражаты шегінде бекітетін қосымша білім беру педагогтерін, ұйымдастырушы педагогтерді, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.