(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «І САНАТТАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР Б...

Осы редакция 2019 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2017.22.12. № 468 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 22 мамырдағы

№ 369 бұйрығына 4-қосымша

 

 

«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

(2017.22.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.