(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАСЫЛ» ОБЛИГАЦИЯЛАР МЕН «ЖАСЫЛ» КРЕДИТТЕР АРҚЫЛЫ ҚА...

 «Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономиясы) бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2021 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 996 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл»

жобалардың сыныптамасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі - таксономия) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген «жасыл» жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.

2. Таксономия мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) таксономияның негізгі санаттарын көздейтін 1-деңгей;

2) негізгі санаттар шеңберінде «жасыл» жобалар секторын көздейтін 2-деңгей;

3) секторлар шеңберінде «жасыл» жобалардың кіші секторын көздейтін 3-деңгей;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.