«Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 22 тамыздағы № 370-НҚ бұйрығы

 «Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 22 тамыздағы № 370-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидасының:

2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.