Сот отырысыныңхатшысы - сот жүйесінің маңызды бөлігі

25.05.2026

Сот отырысыныңхатшысы - сот жүйесінің маңызды бөлігі

 

Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейне тіркелуін қамтамасыз ететін, іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Хатшы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жеке дара жауап береді. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сайкелмейтін мәліметтерді енгізген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.

Хатшы: барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық тараптардың жауаптарын, қарсылықтарын, өтініштерін, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасын толық және дұрыс жазуға, сот отырысының хаттамасын осы ҚР АІЖК-де белгіленген мерзімде дайындауға, төрағалық етушінің заңды шешіміне бағынуға, жабық сот отырысында өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Сот хатшыларының жұмысы оңай болып көрінуі мүмкін. Сот хатшылары сотқа қатысушы тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Мәселен істі сотта қарамасбұрын, онымен танысу, қарау, уақыттарын белгілеу, ұйымдастыру, ал үкім шыққында оны орындау немесе тараптардың шағымдары болса істі жоғарғы апелляциялық сотқа дайындап тапсыру секілді көзге көрінбейтін жұмыстар жетерлік. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көпсалалы, сөйте тұра қызықты да.

Әрине, мұнда сот хатшыларына бағыт-бағдар беріп отыратын судьялардың орны бөлек. Мысалы, сот отырысының хатшысы сот саласында жұмыс атқарып, көп тәжірибе жинақтайды. Соттардың жұмыс сапасын мен беделіне нұқсан келмес үшін сот хатшыларының жауапкершілігі жоғары болуы керек. Өйткені, қарапайым хаттамадан бастап, іске қажетті құжаттардың барлығы хатшының қолынан өтеді. Азаматтық іс қабылданғаннан бастап, қорытынды шешімі шыққанға дейінгі аралықтағы барлық іс жүргізу белгіленген уақытпен реттелетін жұмыс болғандықтан, бәріне үлгеруіміз керек.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне, тындырымдылығына тікелей байланысты. Негізінде судья болуға сот жұмысын бес саусағындай білетін, сот істерін жүргізудің қыр-сырын жетік меңгерген мамандардың - сот отырысы хатшыларының мүмкіндіктері көбірек секілді. Мемлекеттік қызмет мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарап, мойымастан атқарып келеді. Сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын екендігі сөзсіз.

Қарағанды облысының мамандарылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман сот отырысының - хатшысы С.Б.Садвакасов