(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ МОНИТОРИНГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 12 қарашадағы

№ 459 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Білім беру мониторингін жүзеге асыру

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

1) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.