«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 Қаулысы (2026.02.08. берілген өзгерістермен)

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 Қаулысы

(2026.02.08. берілген өзгерістермен)

 

«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2026.18.07. № 639 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 17 наурыздағы

№ 234 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.

1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

2) геопортал - телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.