«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 85-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.