««Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысына 6-қосымша) (2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

6-қосымша

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.07.02. № 26 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.