«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республиксы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 222 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 нөмірімен тіркелді, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28757) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) азаю көлемі - энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының және желіге жіберу жиынтық электр қуатының айырмасы, мегаватта (бұдан әрі - МВт);
2) аралас орташалау әдісі - бұл өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәнін анықтау (есептеу) әдісі, оған сәйкес өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәні аталған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі өнеркәсіптік кешеннің нетто-қуатының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;
3) аттестатталған электр қуаты - тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
4) бақылау кезеңі - жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында);
5) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;