Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығы
(2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.16.06. № 171 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.