«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 қаулысымен бекітілген 5-қосымша) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды 

Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы 7 ақпандағы

№ 53 қаулысымен бекітілген

5-қосымша

 

 

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.

Анықтаманың жарамдылық мерзімі - күнтізбелік 10 (он) күн.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.