(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 шешімі

 

Осы редакция 2017 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 134 671 527 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша - 35 229 122 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 3 332 814 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 96 109 591 мың теңге;

2) шығындар - 131 786 660 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 5 396 445 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 5 791 058 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 394 613 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 2 511 578 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 511 578 мың теңге.

2. 2017 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 28 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 65 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан;

2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына - 28 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 65 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.