(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚТАРДЫ, ТӨЛЕМАҚЫЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛДАРД...

Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынуға байланысты кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 651 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 ж. 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 113-бабы 2-тармағына, 133-бабы 1, 6 және 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) туралы өтініштің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну немесе одан бас тарту туралы шешімнің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну қағидалары мен шарттары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.