«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 572 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 572 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 18 маусымдағы

№ 572 бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:

8-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.