Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 257/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 167/2 Қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 257/9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4762 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;