Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 957 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15457 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;