«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 361 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызмет беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.
Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.