«Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 278 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 337 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) тіркеу пунктіне мыналарды ұсынады:
осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы және мекенжай анықтамасы;
заңды тұлғалар үшiн - құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;