«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 204 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18750 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
1-тармақтың бесіншы және алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді