«Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 13-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2024 жылғы 23 қаңтардағы

№ 60 бұйрығына

13-қосымша

 

 

«Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу»

кәсіптік стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол еталдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін;

4) металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің міндеттері - металл қорытпаларындағы химиялық элементтердің сапалық және сандық құрамын анықтау; металдар мен қорытпалардың жіктелуін анықтау; бұйымдар жасалған қорытпаның маркасын айқындау; зерттелетін объектілерде дайындалған жері бойынша шығу тегінің бірыңғай көзі, шығарудың бірыңғай партиясының тиесілігі туралы куәландыратын белгілерді анықтау;

5) металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу объектілері - металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдар;

6) металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің мәні - металдар мен қорытпалардың табиғатын, жіктелуін, олардың шығу көзін көрсететін нақты жағдайларды анықтау.

3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

БА - Біліктілік анықтамалығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.