ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығы;
2) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 854 Жарлығы.