«Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 1266 бұйрығы

 «Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 1266 бұйрығы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 12848 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу кезінде:

борышкерге қатысты басқа атқарушылық құжаттардың болуы;

атқарушылық іс жүргізулердің жекелеген санаттарында маманданған жеке сот орындаушысының өтінішхатында көрсетілген атқарушылық құжаттар саны.

Өтінішхат болмаған жағдайда, атқарушылық құжаттар жеке сот орындаушылары арасында тең бөлінеді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өңірлік палата жеке сот орындаушыларына атқарушылық құжаттарды бөлуді және беруді өңірлік палатаға олардың келіп түсуі үшін негіз болған жай-күй болған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, сот актісі жедел орындалуы тиіс жағдайда, атқарушылық құжатты бөлуді ол келіп түскен кезден бастап жедел жүзеге асырады.

Жазбаша нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттарды өңірлік палата осы Қағидалардың 3-тармағында баяндалған талаптарды есепке алып бөледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.