«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларында:

2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әскери резидент-дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің жетекшілік етуімен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын әскери қызметші;»;

2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) тәлімгер - медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен жас мамандарды кәсіптік құзыреттерді, практикалық дағдыларды меңгеру және кәсіптік бейімделу процесінде сүйемелдеу үшін денсаулық сақтау ұйымының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина немесе фармацевтика қызметкері.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.