Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 568 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 - 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2023 жылғы 14 шілдедегі № 589 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріп тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына:
1) есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылуы;
2) есепті жылдан кейінгі 30 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 - 2028 жылдарға арналған кешенді
іс-шаралар жоспары
Кіріспе