Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 Қаулысы
(2017.23.11. берілген өзгерістермен)
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016.24.10. № 276 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.23.11. № 325 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;