«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығы (күші жойылды)

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығы

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 124/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 258-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.