(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ӨТКІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛ...

Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 шешімі

(2021.29.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021.29.10. № 7ВС-13-1 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы

К. Кусаинов

 

Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы

Д. Пшембаева

 

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021.29.10. № 7ВС-13-1 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Жақсы аудандық мәслихатының

2021 жылғы 19 қаңтардағы

№ 7ВС-2-1 шешіміне

1 қосымша

 

 

Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

 

Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

1. Алаң, Жақсы ауылы, Мира көшесі, 73 А.

2. Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.