«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 777 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18493 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
27) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
келесі мазмұндағы 41), 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
42) осы бұйрықтың 41-1-қосымшасына сәйкес борышкер болып табылатын жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның табыстары, сондай-ақ дебиторлық берешегі туралы ақпаратты талап ету туралы қаулы;
43) осы бұйрықтың 41-2-қосымшасына сәйкес интернет-платформалардың және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшалары операторларынан, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылардан (букмекерлік кеңселерден) борышкердің табыстары туралы ақпаратты талап ету туралы қаулы.»;