«Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы (күші жойылды)

Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 204 және 205-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса берілген Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2017 жылғы 23 ақпандағы

№ 132 бұйрығымен бекітілді

 

 

Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі

нұсқаулық

 

1 Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 204 және 205-баптарына сәйкес кедендік тексеріп қарауды (қарауды) ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін ресімдеу кезіндегі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетінің реттілігін айқындау мақсатында әзірленген.

2. Жүргізілген кедендік тексеріп қарау (қарау) нәтижелері бойынша кедендік құжаттардың нысандары «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (бұдан әрі - КОК шешімі) бекітілген.

3. Кодекстің 183-бабына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелді басқару жүйесі пайдаланылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.