«Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 3 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасының орынбасарына жүктелсін.