(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУР...

Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы

(2024.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.12.02. № 42 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.09.01. № 9 бұйрығымен (2024 ж. 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8286 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.