«Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/19 «Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 3/21 шешімі (күші жойылды)

Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/19 «Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 3/21 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 1/23 шешімімен күші жойылды

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 109-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Петропавл қалалық мәслихатының «Петропавл қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/19 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2025 - 2027 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 64 722 659,6 мың теңге:

салықтық түсімдер - 28 386 099 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 361 993 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 799 975,6 мың теңге;

трансферттер түсімі - 27 174 592 мың теңге;

2) шығындар - 62 736 037,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 336 622 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -2 336 622 мың теңге:

қарыздар түсімі - 1 478 945 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 4 744 741 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 929 174 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.