Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдері және бенефициарлық меншік иелерін заңды тұлға және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым сәйкестендіруі үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.