(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР, ОЛАРДЫ ЖАСАҒАН, СОТТА...

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есеп;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 8 қазандағы № 112-бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9854 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.