«Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 282-НҚ бұйрығы

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 282-НҚ бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 95-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

 

Ж. Сулейменова

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

2026 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 282-НҚ бұйрығымен бекітілген

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.