«Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 103 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18220 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: