«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 557 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың;