«Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 Қаулысы (күші жойылды)

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 187 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9483 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13802 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.