«Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 415 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Энергия аудиті тексерілетін объектінің (объектілердің) маусымдық сипаттамалары ескеріліп жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген өлшеу (сынау) кезеңі үйлер, құрылыстар және ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты қыс және жаз кезеңдерінде жүргізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Дайындық кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым энергия аудитін өткізу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмысты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып жасайды. Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13902 болып тіркелген) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес аспаптық өлшеулер регламенті, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификат қоса беріледі. Энергия-аудиторлық ұйым осы кезеңді орындау шеңберінде жүгінген тұлға ұсынатын, қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) (олар бар болған жағдайда) тізбесін, оның ішінде: