(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ 2014.17.07 № 259/7 ...

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 150/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 259/7 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 150/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелді, 2014 жылғы 12 маусымда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 10 маусымда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесідей толықтырулар енгізілсін:

«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:

3-бөлім келесі мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.