«Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздерін, сондай-ақ Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 659 бұйрығы

Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздерін, сондай-ақ Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 659 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 153-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 158-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша хронометраждық зерттеп-қарау жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органының шешім шығару қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушы

2025 жылғы 31 қазандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.