(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 89 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталдың ақысына объект берілетін мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаға объектіні беру;

2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.