Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығы
(2021.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;